2 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН АЛЛЕРГИЯҒА
ҚАРСЫ ТИІМДІ ДӘРІ

ҚОЛДАНЫЛУЫ:

  • АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РИНИТТІ (СОНЫҢ ІШІНДЕ ЖЫЛ БОЙҒЫ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РИНИТТІ) ЖƏНЕ ЕСЕКЖЕМДІ СИМПТОМАТИКАЛЫҚ ЕМДЕУ ҮШІН

Аллергия
дегеніміз не?

  • Аллергиядан біздің планетаның әрбір бесінші тұрғыны зардап шегеді
  • Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша XXI ғасыр аллергия ғасыры саналады
  • Жыл сайын аллергиялық аурулардың орташа алғанда 15-20%-ға өсуі анықталады*
  • Аллергия – бұл организмнің қоршаған ортаның зиянсыз факторларына жоғары сезімталдығынан туындаған жай-күй. Олар аллергендер деп аталады*. Аллергендер кез келген нәрсе болуы мүмкін: өсімдік тозаңы, кейбір тамақ өнімдері, тұрмыстық химия, жануарлардың жүні, шаң және т. б.
  • Аллергия симптомдары көздің қызаруы, қышынатын бөртпе, түшкіру, тұмау, ентігу немесе ісіну болуы мүмкін

*Дереккөзі:Т.Т. Нұрпеисов, ҚР ДСМ бас аллергологы, ҚР ДСӘД Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, жоғары санатты дәрігер-аллерголог, Алматы қ. 11.09.15 ж. ҚФХ мақаласынан үзінді

Артықшылығы

Жаңа буын
препараты

Тиімділігі
расталған

Әсері жылдам 12
12 минутта басталады

24 сағат
әсер етеді

Бағасы
қолжетімді

Седативті әсері
болмауы

Қауіпсіздік бейіні
жоғары

Ересектерге және 2 жастан
бастап балаларға ұсынылады

L-cet® - аллергия жоқ дей бер!

Көруден ләззат алыңыз!

L-цет (левоцетиризин)
деген не?

L-цет – бұл гистаминге қарсы жаңа буынның препараты. Ол гистамин рецепторларын жылдам бөгейді және тұмау, түшкіру, мұрынның бітелуі, терінің қышынуы, қызаруы және т.с.с. аллергияның симптомдарын жоя отырып, 12 минуттан* кейін-ақ әсер ете бастайды

L-цет - ұйқышылдықты және 1-ші буын препараттарына тән басқа жағымсыз реакцияларды тудырмайды

L-цет қажет болғанда ұзақ қолдануға болады, өйткені оған үйренісу дамымайды.

L-Цet® ШƏРБАТ ДӘРІЛІК ЗАТТЫ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ
НҰСҚАУЛЫҚ

5 мл шәрбат құрамында
белсенді зат –2,5 мг левоцетиризин дигидрохлориді;
қосымша заттар: глицерин, пропиленгликоль, натрий метилпарагидроксибензоаты (Е 219), натрий пропилпарагидроксибензоаты (Е 217), сахароза, мұзды сірке қышқылы, натрий ацетат тригидраты, бұрыш жалбызы дәмдік қоспасы, банан дәмдік қоспасы, тазартылған су.
Бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы пациенттерге препараттың дозасын түзетудің қажеті болмайды. Бүйрек функциясының орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттерде дозаны түзету ұсынылмайды (төмендегі кестені қараңыз).

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерБүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны есептеуді кестедегіге сәйкес креатинин клиренсін есепке ала отырып, жүргізу қажет.
Дозалаудың осы кестесін қолдану үшін мл/мин креатинин клиренсіне (КЛкр) баға беру қажет. КЛкр (мл/мин) келесі формулаға сәйкес қан сарысуындағы креатинин (мг/дл) мөлшері бойынша баға берілуі тиіс:
КЛкр = [140 – жасы (жылдары)] x дене салмағы (кг) (x 0,85 әйелдер үшін) / 72 x қан сарысуындағы креатинин (мг/дл)

Коррекция дозы препарата пациентам с нарушенной функцией почек:
Бүйрек функциясы Креатинин клиренсі, мл/мин Тәуліктік доза Қабылдау саны
Бүйрек функциясы қалыпты ≥ 80 5 мг (10 мл) Тәулігіне 1 рет
Жеңіл дәрежелі бұзылу 50-79 5 мг (10 мл) Тәулігіне 1 рет
Орташа дәрежелі бұзылу 30-49 5 мг (10 мл) 2 күнде 1 рет
Ауыр дәрежелі бұзылу < 30 5 мг (10 мл) 2 күнде 1 рет
Бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің терминальді сатысы < 10 Қолдануға болмайды
Диализде жүрген пациенттер


Бүйрек функциясының бұзылулары бар балаларда препарат дозасын пациенттегі бүйрек клиренсін және оның дене салмағын ескере отырып, жекелей түзету қажет.
Бүйрек функциясы бұзылған балаларға қолдану жөнінде спецификалық деректер жоқ.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Тек бауыр функциясының жеткіліксіздігі ғана бар пациенттерде дозалау режимін түзетудің қажеті болмайды. Бауыр және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозалау режимін жоғарыда берілген кестедегіге сәйкес түзету қажет.
Балалар
2 жасқа дейінгі балаларға қолдану, осы жас санатында деректердің шектеулі болуына байланысты, ұсынылмайды.
Препаратты балаларға 2 жастан бастап қолдану керек.
Өзіне тән иісі бар түссіз мөлдір тұтқыр сұйықтық.
Симптомдары: ұйқышылдық (ересектерде), қозу және ұйқышылдықпен алмасатын қозу және мазасыздық (балаларда).
Емі: препаратты ішке қабылдағаннан кейін бірден асқазанды шаю немесе құстыру қажет. Белсендірілген көмір тағайындау, симптоматикалық және демеуші ем жүргізу ұсынылады. Спецификалық антидоты жоқ. Гемодиализ тиімді емес.

Дәрілік препаратты қабылдар алдында кеңес алу үшін дәрігерге барыңыз.
Респираторлық жүйе. Жүйелі әсер ететін антигистаминдік препараттар. Пиперазин туындылары. Левоцетиризин.
АТХ коды R06A Е09
Алғаш ашылуы бақыланатын, бұралатын ақ пластик қақпақпен тығындалаған, полимерлі банкаға немесе янтарь түсті шыны құтыларға препарат 60 мл-ден немесе 100 мл-ден құйылған. Банканың немесе құтының жанына көлемі белгіленген өлшеуіш қасық қоса салынған.
1 банка немесе құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Құтыны немесе банканы алғаш ашқаннан кейін препаратты 4 аптадан асырмай сақтау керек.
Аллергиялық ринитті (соның ішінде жыл бойғы аллергиялық ринитті) және есекжемді симптоматикалық емдеу үшін.
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), немесе белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)

Белгісіз
- ұйқышылдық, ұйқысыздық
- бас ауыру, бас айналу, естен тану
- қатты қажығыштық, әлсіздік, астения
- құрысулар, парестезиялар, тремор
- дисгевзия
- ұйқының бұзылуы
- қозу, елестеулер, агрессия
- депрессия, суицидтік ойлар
- жүрек қағысының күшеюі, тахикардия
- көрудің бұзылулары, көздің айқын көрмеуі
- вертиго
- гепатит
- дизурия, несептің кідіруі
- анафилаксияны және ангионевроздық ісінуді қоса, аса жоғары сезімталдық
- ентігу
- диарея, іш қату
- құсу, жүректің айнуы
- ауыз ішінің құрғауы
- іштің ауыруы
- дәрі-дәрмектік тұрақты бөртулер, қышыну, бөртпе, есекжем
- миалгия, артралгия.
- дене салмағының артуы
- функциональді бауыр сынамаларының қалыптан ауытқулары
- тәбеттің ұлғаюы
- ісіну.
«КУСУМ ФАРМ» ЖШҚ, 40020, Украина, Сумы облысы. Сумы қ., Скрябин к-сі, 54
Тел: +38 (0542) 774610
факс: +38 (0542) 774611
Электронды поштасы: info@kusumpharm.com
- левоцетиризинге, цетиризинге, пиперазиннің басқа да туындыларына немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- креатинин клиренсі < 10 мл/мин болатын бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі
- 2 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ГЛЕДФАРМ ЛТД» ЖШҚ
Украина, 02092, Киев қ., Днепровский ауданы, Алма-Атинская к-сі, 58
Тел: +38 (044) 4958288
факс: +38 (044) 4958287
Электронды поштасы: info@gladpharm.com
Левоцетиризинмен өзара әрекеттесуін білуге зерттеулер (соның ішінде CYP 3A4 индукторларымен зерттеу) жүргізілмеді.
Цетиризиннің рацематпен қосылыстарына зерттеулер антипиринмен, псевдоэфедринмен, циметидинмен, кетоконазолмен, эритромицинмен, азитромицинмен, глипизидпен және диазепаммен қандай да болсын клиникалық тұрғыдан маңызды жағымсыз өзара әрекеттесулерді көрсеткен жоқ.

Цетиризин клиренсінің аздап төмендеуі (16%) теофиллинмен (күніне бір рет 400 мг) зерттеулерде байқалды, ал сол уақытта цетиризинді бір мезгілде қолданғанда теофиллиннің фармакокинетикасы ретінде өзгермейді.
Ритонавирді (күніне екі рет 600 мг) және цетиризинді (тәулігіне 10 мг) көп реттік қолдануға жүргізілген зерттеулерде цетиризиннің әсер ету дәрежесі шамамен 40%-ға артты, ал ритонавирдің фармакокинетикасы сәл өзгерді (-11%), бұл әрі қарай цетиризиннің сіңуімен қатар жүрді.

Левоцетиризиннің сіңу дәрежесі, сіңірілу жылдамдығы төмендесе де, тамақ ішумен азаймайды.
Сезімтал пациенттерде цетиризинді немесе левоцетиризинді және алкогольді немесе ОЖЖ басқа депрессанттарын бір мезгілде қолдану, цетиризин рацематы алкогольдің әсерін күшейтпейтінін көрсетсе де, орталық жүйке жүйесіне ықпалын тигізуі мүмкін.
Емдік дозаларда қолданған кезде седативтік дәрілер әсерінің күшеюі жөнінде деректер жоқ. Бірақ препаратты қабылдау кезінде седативтік дәрілерді қолданудан аулақ болу керек.

ЕМДЕУДІ ҚАЗІР БАСТА!

СІЗДІҢ ҚАЛАҢЫЗДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАРДА
НЕМЕСЕ ИНТЕРНЕТ-ДӘРІХАНАЛАРДА L-ЦЕТ® ШƏРБАТ ІЗДЕҢІЗ

ДӘРІХАНАЛАРДАН РЕЦЕПТСІЗ БОСАТЫЛАДЫ

ӨЗІҢІЗДІ-ӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН!
ТАҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ